430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында Қ.Мұңайтпасовтың құрметіне қазақ күресінен турнир басталды

  • 112
Түркістан облысында Қ.Мұңайтпасовтың құрметіне қазақ күресінен турнир басталды

Отырар ауданы Шәуілдір ауылында 2006-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық турнир басталды.

Дода «Оқсыз» спорт кешенінде өтіп жатыр. Оған Түркістан облысының барлық аудан, қалаларынан өрендер келген. Қызылорда өңірі мен Шымкент қаласының да спортшылары бар. Бас-аяғы 192 жасөспірім. Іс-шара күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туған күніне орайластырылған. Жарысқа палуанның немересі, Халықарылық дәрежедегі спорт шебері, жаттықтырушы Шаттық Айдарханұлы да келді.

Хабар 24 телеарнасы