Цырульников майыстырған тағалар қарапайым ат әбзелдеріндегідей емес

Бүгін атақты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл.

Осы күнге орай қазақстандық спортшы Сергей Цырульников тағаларды майыстырудан әлемдік рекордты жаңартты. Ол 37 секундта 4 тағаны түзетті. Жиын елорда маңындағы қазақтың кәсіпқой балуанының аты берілген Қажымұқан аулында өтті. Спортшы түзеген тағалар қарапайым ат әбзелдеріндегідей емес. Мұнда голландиялық тағалар қолданылған. Оның әрқайсысы салмағы бір тоннаға дейін жүк көтереді.

Қуандық Құдайбергенов, қазақстандық «КИНЭС» рекордтар кітабының ресми өкілі:

- Калибрленген, мөлшері 8-ден 22 миллиметрге дейін. Түсінікті болу үшін бұл голландиялық тағалар. Біз қолданатын тағалар емес. Олар әлемдегі ең мықты тағалар болып есептеледі. Бұған дейінгі әлемдік рекорд литвалыққа тиесілі. Ол бір минутта тек екі тағаны майыстырған. Бірақ біздің қазақстандық спортшы 37 секундта 4 тағаны майыстырды.

Сондай-ақ...