Жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды

10 сәуір күні Польшада бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталады.

Бапкерлер әйелдер арасындағы сында жұдырықтасатын спортшыларды атады, деп жазды Olympic.kz. 

Әлем чемпионатына қатысатын боксшылар: 

48 келі: Арайлым Марат

51 келі: Гүлнар Тұрапай

54 келі: Айшагүл Елеубаева

57 келі: Назерке Серік

60 келі: Жұлдыз Шаяхметова

64 келі: Милана Аюпова

69 келі: Жасмин Қизатова 

75 келі: Дана Дидай

81 келі: Әсел Сағатова

+81 келі: Елдана Тәліпова