«Астана» велокомандасы Түркиядағы көпкүндік жарысқа қатысады

«Астана» Түркияда өтетін «Түркия президенттік туры» көпкүндік веложарысына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Велобәйге 11-18 сәуір аралығында өтеді. 

Елордалық клуб аталған жарысқа қатысатын құрамын жариялады. 

Команда құрамы: Глеб Брусенский, Родриго Контрерас, Мерхави Кудус, Евгений Гидич, Хавьер Ромо, Никита Стальнов, Артем Захаров. 

Спорт директоры: Сергей Яковлев, Дмитрий Муравьев.