Франция ашық чемпионатының іріктеу сайыстары 24-28 мамырда өтеді.
Ал негізгі турнир 30 мамырда басталып, 13 маусымда мәресіне жетеді.
Франция Президенті наурызда сөйлеген сөзінде денсаулық сақтау саласында жағдай жақсарған жағдайда мамыр айының ортасынан бастап мәдени және спорттық шаралардың кестеге сәйкес бірте-бірте жанданатынын жария еткен еді. Соған байланысты Ролан Гарросты ұйымдастырушылар турнирді бір аптаға шегеру арқылы жарысты тамашалаушылар көбейеді деп үміттенеді.
Ролан Гаррос немесе Франция ашық чемпионаты – бұл жыл сайын өтетін төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі.
2020 жылы дода пандемияға байланысты кейінге қалдырылып, күзде өткізілді.
rolandgarros.com