433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Путинцева Чарльстонда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

  • 96
  • UPD: 11:00, 09.04.2021
Путинцева Чарльстонда өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Израиль командасымен ойын өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда біздің аяқдопшыларға бұл матчтың қортындысын күтпестен келер жылғы Еуропа чемпионатына жолдама берілді. Себебі Рикардо Кака шәкірттері Венгрияны сырт алаңда бет қаратпай ұтқаны бар.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Чарльстон қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты. Жерлесіміз бұл жолы Испания өкілі Габринье Мугуруспен сынға түсті. Бірінші сетте біздің спортшы 0:6 есебімен ойсырай ұтылған. Десе де, екінші айналымда қарсыластар  тең түсті. Есеп – 2:2. Алайда испандық спортшы жарақатына байланысты жарысты тоқтатуға мәжүр болды. Осы себепті Путинцева келесі айналымға бірден өтті. Енді жартылай финал жолдамасын Путинцева Черногориялық Данка Ковиничпен сарапқа салады.

«Астана» шабандозы жеңіске жетті

«Астана» клубының шабандозы Ион Исагирре Басков елдері турының төртінші кезеңінде жеңімпаз атанды. Ол 190 шақырымды 4 сағат 17 минутта жүріп өтті. Ізін ала мәреге азғантай уақыт айырмашылығымен әріптесті Пельо Бильбо келді. Ал жалпы ұпай саны бойынша қазақстандық команда жарыс кестесінде үздік ондыққа енді. Айта кетейік, біздің шабандоздар Испания көпкүндігінде осымен екінші мәрте жеңіске жетіп отыр. Бұған дейін үздік нәтижені Алекс Аранбуру көрсеткен еді. Байрақты бәсеке ертең де жалғасады.

Еуропа лигасының ширек финалы өтті

Европа лигасы ойындары аясында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда испанияның «Гранада» командасымен кездесті. Уле Гуннар Сульшердің шәкірттері қарсыластың қақпасына екі рет голды соқты. Есепті алғаш болып шабуылшы Маркус Рашфорд ашты. Мачтың соңына таман Бруну Фернандеш пенальтиден ұпайды еселеді.

Уле-Гуннар Сульшер, «Манчестер Юнайтед» ФК бас жаттықтырушысы:

- Біз үшін екінші гол өте маңызды болды. Себебі 1 ұпаймен алға озу мүмкін емес. Ойын тағдыры кез келген сәтте өзгеріп сала беретіні бар. Оның үстіне қарсыластар да осал емес. Неге екені белгісіз, төрешілер біздің ойыншыларға қайта қайта ескерту жасаумен болды. Қалай десек те, жеңіс біздің қолымызда.

Дәл осы күні Лондонның «Арсенал» клубы өз алаңында Чехияның «Славиясымен» тең түсті. Есеп: 1:1. 86 минутта «Арсенал» сапынан Николя Пепе мергендік танытты. Оған араға 8 минут салып Томаш Голеш жауап қайырды. Енді қарымта матч 15 сәуірде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы