Нұрсұлтан Тұрсынов Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды

Грек-рим күресінен Алматыда өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 87 келіге дейінгі салмақта жартылай финал белдесулері бітті, деп хабарлады Prosports.kz.

Жартылай финал жеңімпаздары алтын медальға таласқаннан бөлек, Токио Олимпиада ойындарына лицензия алды. Жартылай финалда қазақстандық Нұрсұлтан Тұрсынов та белдескен, ол үндістандық Кумар Сунилмен кездесті. Тұрсынов қарсыласын 9:5 есебімен жеңді. 

Финалда Нұрсұлтан Тұрсынов қытайлық Пэй Фэймен кездеседі. Қазақстандық балуан Токио Олимпиадасына лицензия жеңіп алды. 

Сондай-ақ...