429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жүзуден Ресей чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы финалда бақ сынайды

  • 137
  • UPD: 17:49, 09.04.2021
Жүзуден Ресей чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы финалда бақ сынайды ҚР ҰОК

Жүзуден Қазақстан ерлер құрамасы аралас эстафетадан Қазанда өтіп жатқан Ресей ашық чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Төрт спортшыдан құралған ел командасы тиісті қашықтықты 3:41.43 уақытта бағындырды. Нәтижесінде іріктеу кезеңінде үздік көрсеткішті тіркеді. Аталған жарыста Қазақстан намысын Дмитрий Баландин, Әділ Қасқабай, Александо Варакин және Әділбек Мусин қорғап жатыр.

Финал бүгін, 9 сәуір күні, сағат 21:32-де басталады.

Бұған дейін Баландин осы турнирде күміс алғанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы