Жүзуден еліміздің ерлер құрамасы Ресей біріншілігінде үшінші болды

Жүзуден Қазақстан ерлер құрамасы Ресей ашық чемпионатында аралас эстафета бойынша үшінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстан сапынан Әділ Қасқабай, Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Александр Варакин қатысты. Олар тиісті қашықтықты 3:37.77 уақытта бағындырып, қола жүлдеге ие болды. 

3:31.90 уақыт көрсеткішімен Мәскеу командасы топ жарса, 3:36.82 уақытта бағындырған Калужская облысының командасы екінші орынға жайғасты.