429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ Токио Олимпиадасына баратын спортшыларынан вакцина алуды талап етпейді

  • 168
  • UPD: 14:20, 10.04.2021
АҚШ Токио Олимпиадасына баратын спортшыларынан вакцина алуды талап етпейді

АҚШ-тың Олимпиадалық және Паралимпиялық комитеті спортшылардан Токио жазғы Олимпиадасына қатысу үшін коронавируске қарсы вакцина салдыруды талап етпейді.

Бірақ аталған ұйым американдық құрама мүшелерінде кез келген жерде екпе алуға толық мүмкіндік болуы үшін материалдық-техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. Соңғы кездері әлемдік жарыс өтетін Жапонияда эпидахуал ушыға түскен. Осыған орай сарапшылар күншығыс елінде індеттің төртінші толқыны басталуы мүмкін екенін алға тартып отыр.

Сара Хиршланд, USOPC Бас директоры:

- Біз өз спортшыларымыздан екпе салдыруды талап етпейміз. Бірақ вакцина алуына қолайлы жағдай жасаймыз. Сондай-ақ спортшылардың көбі екпе қабылдағанын білеміз, мұндай ақпаратты олар өздері берді.

Хабар 24 телеарнасы