Қазақстандық гроссмейстер ғаламтордың кесірінен халықаралық турнирден шығып қалды

Халықаралық дәрежедегі гроссмейстер Динара Сәдуақасова шахматтан өтіп жатқан әлемдік онлайн турнирдің жарыс жолынан шығып қалды.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Polgar Challenge деп аталатын турнирде бақ сынаған Динараға ғаламтор кедергі жасаған.

«Әр кездесуде ойынды емес, интернетті күтіп, ойым бұзылды», - дейді ол. Сәуір айының 8-інде басталған онлайн шахмат бәсекесі ертең өз мәресіне жетеді. Бұл сайысқа жас шахмат жұлдыздары қатысуда. Оның ішінде отандасымыз Жансая Әбдімәлік те бар. Жалпы 20 ойыншы екі топқа бөлініп сынға түседі.

Динара Сәдуақасова, шахматтан халықаралық гроссмейстер:

- Мен қатысқан барлық жеті ойында ғаламторға байланыста мәселе туындады. Соңғы кездесуімде де уақыт жеткілікті болғанымен, интернет қосылып өше беруі себепті ұтылдым. Мен бұл турнирді қатты күткен едім, оған барынша дайындалдым. Бірақ әр ойын мен үшін стресске толы болды.

Сондай-ақ...