427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда үстел теннисінен ел біріншілігі өтеді

  • 150
  • UPD: 13:58, 11.04.2021
Оралда үстел теннисінен ел біріншілігі өтеді Scorum

13 сәуір күні Оралда үстел теннисінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның жекелей-командалық біріншілігі өтеді, деп хабарлайды Оlympic.kz. 

Жарысқа қатысушылар арасында ересектер арасындағы ел чемпионы Алан Құрманғалиев (Қарағанды) пен Сарвиноз Миркадырова да бар.

Сондай-ақ, осы жастағы еліміздің үздік спортшылары  - Анел Бахыт, Искандер Харки, Сағантай Кұрмамбаев, Ангелина Романовская, Санжар Жұбанов, Александра Смирнова, Арай Ашкеева, Абдул - Мажит Харкилер бақ сынайды. 

Чемпионат көрермендердің қатысуынсыз және барлық санитарлық талаптарға сай өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы