Аян Бейсенбаев пен Арина Шульгина триатлоннан ел чемпионы атанды

Шымкентте триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің әр аймағынан 17 атлет қатысқан болатын. Қатысушылар супер-спринтерлік қашықтан, 300 метрге жүзуден, 8 шақырымдық веложарыстан және 2 шақырымға жарысудан бақ сынады деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде Арина Шульгина (Қостанай облысы) жеңіске жетті. Екінші орынды елордалық Екатерина Шабалина, үшінші орынды Юлия Озерова иеленді.

Ерлер арасындағы додада Ақмола облысының өкілі Аян Бейсенбаев топ жарды. Күміс жүлдені Дарын Қонысбаев, қоланы Мейірлан Ысқақов иеленді. 

Турнирде барлық санитарлық талаптар сақталды. Қатысушылар мен жарысты ұйымдастырушылар ПТР тест тапсырған соң турнирге жіберілді. 

Айта кету керек, Қазақстан командасы 23-25 сәуірде Жапонияда өтетін Азия чемпионатына дайындалуда.