Футзал: Қазақстан құрамасы Израильді екінші рет ұтты

Футзалдан Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің соңғы матчында біздің құрамамыз тағы да ірі жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеудің соңғы матчы Қазақстан үшін де, Израиль үшін де маңызды болмады. Құрамамыз екі тур бұрын топ жеңімпазы атанып қойған, құрлықтық жарысқа да жолдама қалтада болды. Израильдіктер де жолдамаға таласу мүмкіндігінен ерте айырылған. 

Бірақ алаң иелері Нұр-Сұлтанда іріктеуді көңілді нотамен аяқтауды жөн деп шешкен. Кездесудің бірінші минутында-ақ Тайнан есеп ашты. Көп ұзамай Тимур Балтабаев есепті ұлғайтты. 

Екінші таймда Жомарт Тоқаев көзге түссе, кейін Тайнан есепті 4:0 қылды. Матч осы есеппен аяқталды.

Құрамамыз топтағы алты кездесуінің бәрінде жеңіп, Еуропа чемпионатына жолдама алды. Күт, Еуропа, Қазақстан келе жатыр! 

Еуро-2022. Іріктеу. 5-топ 

Қазақстан – Израиль – 4:0 (2:0) 

Голдар: Тайнан (2), Балтабаев, Тоқаев 

11 сәуір. Нұр-Сұлтан. «Сайран Арена». Көрерменсіз.

Сондай-ақ...