loader

Айдос Ербосынұлы мансабындағы ең үлкен айқасқа шыға алмайды

Айдос Ербосынұлы мансабындағы ең үлкен айқасқа шыға алмайды

Екінші орта салмақта WBC Asia, WBA International және WBO Global титулдарына ие қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы мен ресейлік Евгений Шведенко арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды.

Боксшылар 17 сәуір Германияның Карлсруэ қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасуы керек болған. Бұл айқастың жеңімпазы IBF чемпионы америкалық Калеб Плантпен  жекпе-жек өткізетін еді, деп жазды vesti.kz.

«Жекпе-жек болмайды, қарсылас коронавируспен ауырып қалыпты немесе қулықпен. Сауғып кет! Қолдау үшін бәріне рахмет!», - деп жазды Шведенко Instagram-да.

Еске салайық, соңғы рет Айдос желтоқсан айында Алматыда жұдырықтасып, ганалық Исса Самирді нокаутқа түсірген.