Қазақстандық теннисшілер Хорватиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақстандық Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит челленджер турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық жұп финалда Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен чемпиондық атақты сарапқа салды. Бірінші партияда қазақстандықтар басымдық көрсетті – 7:5. Екінші сетте Польша жұбы тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:5). Шешуші тай-брейкте А.Недовесов пен А.Голубев жеңісті жұлып алды – 10:5. Тартысты бәсеке 1 сағат 46 минутқа созылды.