Forbes әлемдегі ең қымбат футбол клубын атады

Forbes журналы әлемегі ең қымбат клубтардың рейтингін жариялады.

Тізімде «Барселона» алғаш рет бірінші болды, деп хабарлады Vesti.kz.

Каталондық клуб 4,76 миллиард долларға бағаланды. Рейтингте 16 жыл көшбасшы болған «Реал» екінші (4,75 млрд доллар) тұр. Тізімде үшінші орынға «Бавария» (4,215 млрд доллар) жайғасқан.

Ал үздік жиырмаға Англия чемпионатының тоғыз бірдей командасы кіріпті. Олардың ең қымбаты «Манчестер Юнайтед» – 4,2 млрд доллар.

Forbes нұсқасы бойынша ең қымбат клубтардың топ-20 тізімі:

  1. «Барселона» (Испания) - 4,76 млрд доллар;
    2. «Реал» (Испания) - 4,7;
    3. «Бавария» (Германия) - 4,21;
    4. «Манчестер Юнайтед» (Англия) - 4,2;
    5. «Ливерпуль» (Англия) - 4,1;
    6. «Манчестер Сити» (Англия) - 4;
    7. «Челси» (Англия) - 3,2;
    8. «Арсенал» (Англия) - 2,8;
    9. ПСЖ (Франция) - 2,5;
    10. «Тоттенхэм» (Англия) - 2,3;
    11. «Ювентус» (Италия) - 1,95;
    12. «Боруссия» Дортмунд (Германия) - 1,9;
    13. «Атлетико» Мадрид (Испания) - 1 млрд;
    14. «Интер» (Италия) - 743 млн;
    15. «Эвертон» (Англия) - 658;
    16. «Милан» (Италия) - 559;
    17. «Рома» (Италия) - 548;
    18. «Вест Хэм»(Англия) - 508;
    19. «Лестер» (Англия) - 455;
    20. «Аякс» (Нидерланд) - 413.

Сондай-ақ...