Параспортшы С.Дәлиев Британияда жүзуден әлем кубогінің күміс жүлдегері атанды

Ұлыбританияда өтіп жатқан Паражүзуден Әлем кубогінде ел қоржынына күміс жүлде түсті. Сиязбек Дәлиев 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде мәреге екінші келді.

Ол бұл қашықтықты 37.65 секундта бағындырды. Осылайша Токиодағы жазғы Паралимпиада ойындарына іріктеу нормаларынан 3 секундқа жоғары нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Сиязбек Дәлиев 2018 жылғы Азия Параойындарының чемпионы. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы бар. Сондай-ақ дәл осы қашықтық бойынша әлемнің ең мықты бес жүзушісінің бірі саналады.

Сондай-ақ...