Қазақстандық теннисші қыздар Аргентинада бақ сынайды

Ярослава Шведова, Зарина Дияс және Елена Рыбакина бастаған теннистен ұлттық құрама үздіктері Аргентинаға табан тіреді.

Олар 16-17 сәуір аралағында өтетін Билли Джин Кинг кубогінде бақ сынайды. Ал кеше ғана қатарға Анна Данилина қосылды. Анна Швейцариядағы  ITF W60 турнирінен жеңімпаз боп оралды. Енді команда Юлия Путинцеваның келуін күтіп отыр. Ол «Волво Опен» жарысының ширек финалында өнер көрсеткен еді. Ал Шведова мен Дияс уақыт жоғалтпай бірден жаттығуға кірісті. Жұма күні ұлттық құрама кордта аргентиналық әріптестерімен кездеседі. Жалпы кубок ойындары былтыр өтуі тиіс еді. Алайда пандемияға байланысты уақыты өзгертілді.

Зарина Дияс,  Қазақстан ұлттық құрамасының теннисшісі:

- Алғашқы жаттығу сәтті өтті. Корт көңілімізден шығады. Чарльстонда біз жасыл түсті алаңда ойнағанбыз, мұнда қызыл түсті екен. Ал оның сапасы жақсырақ. Алдағы жарыстарға тас-түйін дайынбыз. 

Қазақстандық велошабандоз Артем Захаров «Түркия Президентінің турында» үздік ондыққа кірді. Жерлесіміз екінші айналымның нәтижесі бойынша 7 орынға тұрақтады. Сондай-ақ көпкүндіктің арнайы сыйлығы, ақ жейде иегері атанды. Ол әдетте белгілі бір қашықтықта көрсеткен нәтиже үшін беріледі. Мұнан бөлек қазақстандық команда атынан Хавьер Ромо сынға түсті. «Астана» клубының шабандозы мәреге қырық бірінші болып келді.