Оралда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен ел чемпионаты басталды

Оралда үстел теннисінен 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында ҚР Чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа еліміздің 15 өңірінен спортшылар келген. Пандемияға байланысты бұл жолғы сайысқа әр өңірден тек бір командадан ғана қатысуға мүмкіндік алды. Яғни, ұлдар арасында 15, ал қыздар арасында 16 команда өзара шеберлік байқасады. Қос команда қосуға тек алаң иелеріне ғана рұқсат етіліпті. Жарысқа жалпы саны 125 спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында ұлттық құрама сапында өнер көрестіп жүргендері аз емес. Ұйымдастырушылардың айтуынша, елімізде жастардың үстел теннисіне деген қызығушылығы өте жоғары.

Арай Әшкеева, жарысқа қатысушы (Қарағанды облысы):

- Мен үстел теннисімен 10 жыл айналысамын, кішкентай күнімнен осы спортқа махаббатым ашылды. Несімен қызықты? Ол спорт адамдардың көп мүмкіндіктерін ашады. Реакция, жетістікке талпыныс, барлығын ашады осы үстел теннисі.

Александр Перевалов, жарыстың бас төрешісі:

- 2 күн бойы командалық жарыстар өтеді. Ертең ұлдар мен қыздар арасында жүлдегерлер мен чемпиондар анықталады. Сосын жекелей, аралыс және жұптық сайыстар  басталады. Ал, 18 сәуірде өтетін жарыстың соңғы күні барлық сындар бойынша жеңімпаздарды анықтаймыз. Жалпы жарыстың ойдағыдай өтуіне барлық жағдай жасалған. Жарыс өтіп жатқан зал мен ондағы жабдықтар халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді.

Сондай-ақ...