А.Бублик Монте-Карлодағы турнирдің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монте-Карлодағы турнирдің екінші айналымына өте алмады.

Ол Франция өкілі Жереми Шардиге есе жіберді. Үш сеттің екеуінде ойын тағдыры қарсыластың пайдасына шешілді.

Грек-рим күресінен қазақстандық палуандардың нәтижесі

Ал 130 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әлімхан Сыздықов турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ол финалдық бәсекеде ирандық Алиакбар Юсуфахмадкалиевтен 1:5 есебімен ұтылды. Айта кетейік, аса ауыр салмақ дәрежесіне жақында ғана ауысқан Әлімхан халықаралық жарыстағы алғашқы медалін иеленіп отыр. Сондай-ақ Азия чемпионатында 77 келіге дейінгілер арасында Демеу Жадыраев қола медалға қол жеткізді. Қазақстандық палуан Түрікменстан өкілі Мұхаммедберді Мамедовті 9:0 есебімен жеңді.  

Чемпиондар лигасы: жартылай финалға жолдама алғандар

Чемпиондар лигасының жартылай финалында өнер көрсететін командалардың алғашқы легі белгілі болды. «Челси» қарымта матчта «Портуға» есе жіберді. Алайда алғашқы ойындарда соғылған екі жауапсыз гол есебінен келесі кезеңге жолдама алды. Томас Тухелдің шәкірттері осылайша ағылшын футбол клубтары арасында жаңа рекорд орнатты. Команда 8-ші мәрте жартылай финалға шығып отыр. Ал кездесудің жалғыз голын шабуылшы Мехди Тареми еншісіне жазды.

Ұлттық құрама жаттығуы

Билли Джин Кинг турнирінің плей-офф кезеңінде қазақстандық теннисші қыздар аргентиналық әріптестерімен кездеседі. Матч 16-17 сәуір аралығына жоспарланған. Бүгінде Елене Рыбакина, Юлия Путинцева бастаған ұлттық құрама Аргентинада жаттығып жатыр.

Айта кетейік, кубок ойындары былтыр өтуі тиіс еді. Алайда пандемияға байланысты уақыты екі рет өзгертілді.