429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Канело» мансабын қашан аяқтайтынын айтты

  • 129
  • UPD: 16:56, 14.04.2021
«Канело» мансабын қашан аяқтайтынын айтты

Екінші орта салмақтағы WBC және WBA белбеулерінің иегері мексикалық Сауль «Канело» Альварес (55-1-2, 37 КО) мансабын қашан аяқтайтынын айтып берді, деп жазды vesti.kz.

«Зейнетке шыққан кезде шаршы алаңға дейін жүріп өтетін сәтті қатты сағынатын боламын. Бірақ әлі жеті жыл жұдырықтасуға уақытым бар. Содан соң карьерамды аяқтаймын», - деді 30 жастағы «Канело». 

Айта кетейік, Альварес өзінің алдағы кездесуін екінші орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері 31 жастағы Билли Джо Сондерске (30-0, 14 КО) қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 8 мамыр күні Техас штатындағы AT&T Stadium спорт кешенінде өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы