Екінші алтын: Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Азия чемпионы атанды

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасының жүлде қоржыны екінші алтынмен толықты.

Грек-рим күресінен 60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандық балуан финалда ирандық Мехди Нижадпен кездесіп, 8:4 есебімен жеңіске жетті. Ол ширек финалда Оңтүстік Корея жартылай финалда Ирак балуанын жеңген болатын.

Айта кетелік, бұл Қазақстан командасының Азия біріншілігіндегі екінші алтыны. Кеше 63 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Әсетұлы чемпион атанды.

Айдос Сұлтанғали 2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері екенін де естеріңізге саламыз.