Алмат Кебіспаев грек-рим күресінен Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Күрес түрлерінен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасының үздігі Алмат Кебіспаев турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде Алмат жапониялық Цучика Шимоямадамен кездескен болатын.

Тартысты белдесудің бірінші кезеңінде Кебіспаев 7:0 есебімен алда тұрды. Алайда екінші кезеңде күш алған қарсыласы бірнеше рет сәтті әдістер жасап, 12:5 есебімен жеңіске жетті. Осылайша тәжірибелі балуан Алмат Кебіспаев Азия біріншілігінің күмісін қанағат тұтты. Бұл Алматтың Азия біріншіліктерінде жеңіп алған бесінші медалі. Бұған дейін ол құрлық додасында екі рет топ жарып, екі рет күміс медаль иеленген.