429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

  • 135
  • UPD: 09:32, 15.04.2021
«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты Спорт-Экспресс

«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасы ширек финалының қарымта матчында дортмундтық «Боруссияны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу ағылшын командасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар сапында Рияд Марез бен Фил Фоден көзге түсті.

Еске салайық, бірінші ойында да Хосеп Гвардиола шәкірттері 2:1 есебімен жеңген еді. Екі ойын қорытындысы бойынша «Манчестер Сити» 4:2 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.

Хабар 24 телеарнасы