429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Недовесов пен Голубев Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына өтті

  • 93
  • UPD: 09:58, 16.04.2021
Недовесов пен Голубев Хорватиядағы турнирдің жартылай финалына өтті ktf.kz

Қазақстандықтар Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында Хорватиядағы Сплит 2 челленджер турнирінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Теннис федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық жұп ширек финалда чехиялықтар Зденек Колар – Лукаш Росолмен шеберлік байқасты. А.Недовесов бұдан бұрын Сплиттегі дәл осындай челленджер жарысының жартылай финалында қарсыластарын тізе бүктірген болатын. Матч бұл жолы да тартысты өрбіді. Бірінші партияда чехиялық жұп басымдылық көрсетті – 6:3.

Екінші сетте қазақстандықтар дәл осындай есеппен қарымта қайыра білді. Тай-брейкте Недовесов пен Голубев жеңіске жетті – 10:8. Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды. Қазақстандық жұп финалға шығу үшін Польша өкілдері Шимон Валков – Ян Зелинскимен таласады. Қазақстандықтар бұдан бұрын Сплитте осы жұппен финалда кездесіп, жеңіске жеткен болатын.

Бұған дейін жерлестеріміз Сплит турнирінде топ жарған.

Хабар 24 телеарнасы