Джокович биыл алғаш рет жеңілді

Сербиялық теннисші Новак Джокович биылғы маусымда алғаш рет жеңіліс тапты. 

Монте-Карлода өтіп жатқан Мастерс турнирінің үшінші раундында ұлыбританиялық Дэниель Эванс Әлемнің бірінші ракеткасынан айласынн асырып кетті. Есеп 4-6, 5-7, екі сетті де әлемнің 33-ракеткасы өз еншісіне жазды.

Новак Джокович теннисші:

- Бұл менің соңғы жылдардағы ең сүреңсіз ойындарымының бірі болды. Эванстың еңбегін жоққа шығармаймын, бірақ өзімді кортта жайсыз сезіндім. Жел де өз әсерін тигізді. Осындай жағдайда сені көп жүгіртуге тырысатын Эвансқа қарсы ойнау оңайға соқпады. Ол бүгін менің ойынымды жойып жіберді деуге болады.