427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық екі балуан қыз Азия чемпионы атанды

  • 244
  • UPD: 11:02, 16.04.2021
Қазақстандық екі балуан қыз Азия чемпионы атанды иллюстративті фото / Olympic.kz

Алматы өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия біріншілігінде ел қоржынына екі алтын жүлде түсті. Эльмира Сыздықова ақтық бәсекеде қырғыз қызы Айпері Медетқызын 4-0 есебімен жеңіп, 76 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Ал Валентина Исламова-Брик өзбекстандық Жасмин Иммаевадан басым түсіп, 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді.

Еуропа Лигасының жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды. «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Гранаданы» қабылдап, тағы да 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның алтыншы минутында алаң қожайындарының шабуылшысы Эдинсон Кавани нәтижелі соққымен көзге түсті. Ал матч аяқталар тұста  испаниялық клубтың ойыншысы Хесус Вальехо автогол авторы атанып, қорытынды есепті тіркеді. Енді ағылшындар жартылай финалда Аяксты айналып өткен Италияның Ромасымен кездеседі. Екінші жартылай финалдық жұпты «Вильяреал» мен «Арсенал» құрады. Алғашқұы матчтар 29 сәуірде өтеді.       

Алматының «Қайрат» футзал командасы Қазақстан біріншілігінің финалына шығуға жақын. Еліміздің 17 дүркін чемпионы Рудныйдың «Аят» командасын 3:0 есебімен жеңді. Айта кетейік, жартылай финал кезеңі бір клубтың 3 жеңісіне дейін жалғасады. Әзірге қос кездесуде де алматылықтар қарсыласынан басым түсті. 

«Астана» клубының велошабандозы Мерхави Кудус Түркия президенттік турының бесінші кезеңінде мәреге алтыншы болып келді. Бұл таулы аймақта өтетін жалғыз кезең. Кудус турнирдің жалпы сынында да алтыншы орында келеді. Ол көш басындағы Хосэ Мануэль Диастан 28 секунд қалып келе жатыр.  

Омбының Авангард хоккей клубы Гагарин кубогының финалына шықты. Шешуші, жетінші матчта олар «Ақ барс» хоккейшілерінен басым түсті. Ойынның негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Ал овертаймда Оливер Каски Авангардқа жеңіс сыйлады. Енді омбылықтар финалда мәскеудің ЦСКА-на қарсы тұрады.

Хабар 24 телеарнасы