427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанда көркем гимнастикадан әлем кубогы басталды

  • 151
  • UPD: 10:48, 17.04.2021
Өзбекстанда көркем гимнастикадан әлем кубогы басталды

Өзбекстан астанасында жаһандық жарыс жалауын желбіретті.

Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды. 3 күнге жалғасатын сайыста әлемнің 32 елінен келген мықтылар сынға түсетін болады.

Айта кету керек, бұл жарыста спортшылар Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама ұтып ала алады. Жаһандық додаға Қазақстан құрамасы да қатысуда. Жекелей топта отандастарымыз Алина Әділханова мен Адилия Тілекенова ел намысын қорғауда. Әзірге көш басында ресейлік апалы-сіңлілі Авериналар келеді. Қос жұп жарыстың басты фавориттері саналады. Дегенмен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әлия Юсупованың айтуынша спортшыларымыз Болгарияда өткен сайыспен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсетуде. Әлем кубогының Софияда өткен кезеңінде Алина Әділханова 26-орыннан көрінсе, Адилия Тілекенова 31-орынға тұрақтаған болатын.

Әлия Юсупова, Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы:

– Бұл бір жылдық үзілістен кейінгі екінші ірі дода. Сондықтан қыздарға ауыр болып тұр. Кішігірім қателіктер бар. Бірақ Болгариядағы жарыспен салыстыратын болсақ, нәтиже жаман емес. Алға қойған мақсатымыз – әлем кубогының қалған екі кезеңінде жақсы өнер көрсетіп, маусым айында Ташкентте өтетін лицензиялық чемпионатқа қатысу. Сол жарыста олимпиадаға жолдама иеленуді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы