Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан мен Аргентина теннисшілері тең түсті

Дәл қазір Аргентинаның Кордова қаласында Билли Джин Кинг кубогының плей-оффы өтіп жатыр.

Оның аясында қазақстандық Юлия Путинцева жергілікті Надя Подорошкамен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытытынды есеп: 2:6, 6:4, 6:0. Артынша тағы бір қазақстакндық Елена Рыбакина алаң иесіне жол берді. Осылайша жалпы есеп 1:1. Енді бүгін қос құрама арасында жекелей және жұптық кездесулер өтеді. Егер тағы да тең түсіп жатса, шешуші матч ұйымдастырылады. Жеңімпаз команда байрақты бәсекенің соңғы сынына жолдама алады.

Юрий Польский, Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті:

- Алғашқы жарыс күнінің тең нәтижемен аяқталуы жақсы көрсеткіш. Біз осылай жоспарлаған едік. Енді қыздардың тезірек қалыпқа келуін қадағалаймыз. Өйткені, алда маңызды матчтар күтіп тұр. Ұлттық құрама намысты қолдан бермей, ел абыройын асқақтатады деген үміттеміз.