Неймар ПСЖ-мен жаңа келісімшартқа отырады

Бразилиялық шабуылшы Неймар ПСЖ командасымен келісімшарт мерзімін 20206 жылға дейін ұзартады, деп хабарлайды prosports.kz.

Жаңа келісімшарт бойынша футболшы жылына 30 миллион еуро жалақы алады. ПСЖ келісімшарттың ұзартылғаны жөнінде ресми мәлімдемені алдағы бір-екі күнде хабарлайды деп күтілуде.

Бұған дейін «Барселона» Неймар қайта қатарына қосуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Mundo Deportivo басылымының мәліметінше, бразилиялық ойыншымен кезінде бірге ойнаған футболшылар осындай шешімін айтқан.