Спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогінде Р.Хайбуллин финалға өте алмады

Швейцарияның Мейринган қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогі өтіп жатыр деп хабарлайды Olympic.kz.

Аталған әлемдік бәсекеде боулдеринг санаты бойынша іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының сапынан жарыс жолына Ришат Хайбуллин қатысты. Өкінішке орай, отандасымыз финалдық кезеңге өте алмады. 

Айта кетерлігі, әлем кубогіне барлығы 100 спортшы қатысып жатыр.