Теннистен Қазақстан құрамасы Аргентинаны ұтты

Қазақстандық қыздар Аргентина құрамасын ұтып, теннистің әлемдік топтағы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған қоса, Билли Джин Кинг кубогының шешуші кезеңіне жолдама алды. Кордова қаласында өткен кездесудің жалпы қорытындысы 3:2.

Жарыстың алғашқы күні 1:1 есебмен аяқталған болатын. Артынша Елена Рыбакина жекелей сында ұлттық құраманы алға шығарды. Тіпті жарыс тағдырын 4-ші матчта-ақ шешіп тастауға болатын еді. Қазақстандық Юлия Путинцева жарақатына байланысты кездесуді жалғастыра алмады. Осылайша, жеңімпаз жұптық сында анықталды. Бұнда ел намысын  Ярослава Шведова мен Анна Данилина қорғады. Ал алаң иелерінен Надя Подорошка мен Мария Лурдес Карле кортқа шықты. 1 сағат 25 минутқа созылған кездесуде жерлестеріміз айқын басымдықпен ұтты.