Адлан Асқаров еркін күрестен Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық Адлан Асқаров (61 келіге дейін салмақта) еркін күрестен Алматыда өтіп жатқан Азия чемпонатының финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалда Асқаров үндістандық Равиндер Равиндерді жеңді. Кездесу қазақстандық балуанның пайдасына 6:4 есебімен аяқталды.

Енді финалда Адлан Асқаров өзбекстандық Джахонгирмирза Туробовпен кездеседі.