Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар алғашқы медальдарға қол жеткізді

Бүгін А тобында 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қос саңлағымыз сынға түсті.

Абылай Әуелханов пен Арлен Чонтейге өзбекстандық және де Шри-Ланка елінің спортшылары қарсы тұрды. Дегенмен отандастарымыз Қазақстан намысын абыроймен қорғап, алтын және күміс жүлдені өзара бөлісті. Қос сайыс нәтижесі бойынша Абылай Әуелханов 244 келі зілтемірді, Арли Чонтей 255 келіні көтеріп, Азия чемпионатында жеңіске жетті. Айта кету керек, серпе көтеруде Абылай Әуелханов әлем рекордын жаңартуға ұмтылған еді. Дегенмен отандасымыз 148 келі зілтемірді ырқына көндіре алмады.

Абылай Әуелханов, ауыр атлетикадан азия чемпионатының күміс жүлдегері:

– Жоқ, мен жаттықтырушылардың тапсырмасын толық орындаған жоқпын. Бәлкім психологиялық тұрғыдан дайын болмаған шығармын. Бірақ өкінетіндей ештеңе жоқ. Бұл спорт. Ал спортта жеңіліссіз жеңіс болмайды. Барлығы алда. Әлі талай мүмкіндігім болады.