Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен екі дүркін Азия чемпионы атанды

Еркін күрестен Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Нұрқожа Қайпанов екі дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz

74 келіге дейінгі салмақта белдескен ол финалда ирандық Мұстафа Хосейнханимен кездесіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бірінші кезеңде 0:2 есебімен ұтылып жатқан Қайпанов екінші кезеңде күшіне мініп, өзінің чемпиондық атағын қорғап қалды. 

Еске сала кетейік, Нұрқожа Қайпанов 2019 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатында да топ жарған болатын. Былтырғы маусымнан бастап Нұрқожа олимпиадалық салмаққа ауысты.  Бұл Қазақстан командасының Азия біріншілігіндегі екінші алтыны. Кеше еркін күрес шебері Талғат Сырбаз 70 келіде жеңіске жеткен болатын.