429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Головкин Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін

  • 130
  • UPD: 23:17, 18.04.2021
Головкин Риото Муратамен жұдырықтасуы мүмкін prosports.kz

Орта салмақтағы IBF чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36KO) WBA титулының иегері жапондық Риото Муратамен (16-2, 13KO) жұдырықтасуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Крис Мэнникстің сөзіне қарағанда, тараптар жекпе-жек туралы келіссөздерді бастап та кетті. Кездесу 31 желтоқсанда Жапонияда өтеді деп күтілуде.

Дәл осы ақпаратты Matchroom Boxing басшысы Эдди Хирн де растады. Бірақ Головкин алдымен жазда Деметриус Андрадемен, ал жылдың аяғында Риото Муратамен кездеседі.

Еске салайық, GGG өткен жылы желтоқсан айында Камил Шереметамен жекпе-жек өткізіп, нокаутқа жіберген еді.

Риото Мурата өзінің соңғы жекпе-жегінде 2019 жылдың желтоқсанында канадалық Стивен Батлерді жеңді.

Хабар 24 телеарнасы