Футзалдан ел біріншілігінде «Қайрат» финалға өтті

Футзалдан ел біріншілігінде алматылық «Қайрат» финалға шықты. Жартылай финалда Кака шәкірттері рудныйлық «Аяттан» басым түсті. Соңғы үшінші матч кеше өтті. Кездесу нәтижесі 7:6. Алайда матч басында «Қайрат» 3:5 есебімен қалыс келе жатқан. Осылайша үш кездесудің жалпы қорытындысы 3:0. «Қайраттың» ендігі қарсыласы «Ақтөбе» мен «Атырау» командалары арасындағы матчтан кейін белгілі болады. Дербидегі 2 ойын қорытындысы бойынша есеп әзірге 1:1.

Кеше футболдан Қазақстан премьер-лигасының 6-тур ойындары басталды. Елордалық «Астана» петропавлдық «Қызылжарды» 3:1 есебімен жеңді. «Тараз» оралдық Ақжайықтан 1:0 есебімен басым түсті. Атырау мен қызылордалық Қайсар тең тарқасты. Есеп 1:1. Турдың екінші кезеңі бүгін талдықорғандық Жетісу және шымкенттік Ордабасы матчымен жалғасады. Артынша «Ақтөбе» өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдайды. Түркістандық «Тұран» ақтаулық Каспиймен кездеседі. Ал орталық матч Қайрат пен Тобыл арасында өтеді. Екі команда да қазір турнир кестесінде үшінші орынға таласып тұр. Ал көш басында Астана мен Тараз келеді.

Қазақстандық ауыр атлет Ташкентте өтіп жатқан Азия біріншілігінде қола медаль алуға сәл қалды. Алайда кіші қоланы місе тұтты. Зілтемірші 61 келіге дейінгі салмақта сайысты. Алғашқы тапсырмада ол 132 келіні оңай көтерді. Ал жұлқи көтеруде үш талпыныстың тек бірін сәтті пайдаланды. Қос сайыс қортындысы бойынша жалпы 152 келі көтерген. Бұл нәтиже төртінші орынға ғана көтерілуге мүмкіндік берді. Бұл салмақта қытайлық Ли Фабин жеңіске жетті. Екінші орында сауд арабиялық Сераж Алсалим болса, үштікті жапондық Еичи Итоказа түйіндеді. Ал қыздар арасында өнер көрсеткен Зульфия Чиншанло бесінші орыннан көрінді. 55 келіге дейінгі салмақта шыққан қызымыз қоссайыс нәтижесі бойынша 210 келі көтерді. Бүгін кілемге Ақмолда Сайрамкез бен Гүлнұр Ыбырай шығады.

Сондай-ақ...