УЕФА Суперлига атты жаңа турнирге қатысам деушілерге қатаң ескерту жасады

Еуропалық футбол қауымдастықтарының кеңесі (УЕФА), АПЛ, Корольдік Испания футбол федерациясы (RFEF) және Ла Лига, Италияның А сериясы біріге отырып, Суперлиганың ресми бекітілуіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады vesti.kz. 

«Біз және қауымдастық мүшелері осы бір арсыз жобаны тоқтатуға ниеттіміз. Бұл жоба бірнеше клубтың жеке мүддесі үшін құрылған, ал қоғам қазір тілектестікті өте қажет етеді. 

Мұны тоқтату үшін біз барлық деңгейдегі мүмкін шараларды қарастырмаыз – сот және спорттық. Спорт ашық жарысқа және сіңірген еңбекке негізделген. Басқаша болуы мүмкін емес. 

Мұның алдында ФИФА және алты конфедерация жария еткендей, бұл клубтарға еуропалық немесе әлемдік деңгейдегі кез келген басқа жарысқа қатысуға, ал футболшыларына ұлттық командаларының атынан ойнауға тыйым салынады», – делінген ФИФА ресми сайтында жариялаған мәлімдемеде.