Таеквондошы Шамсат Дүйсенов «Spanish Open 2021» турнирінің қола жүлдегері атанды

Қазақстандық таеквондошы халықаралық жарыстың жүлдегері атанды, деп хабарлады Olympic.kz.

Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан «Spanish Open 2021» халықаралық додасы өтіп жатыр. Ерлер арасырда 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Шамсат Дүйсенов қатысты. Нәтижесінде өз салмақ дәрежесінде рейтингтік G-1 турнирінің қола жүлдесіне ие болды. 

Айта кетерлігі, қазақстандық Шамсат Дүйсенов жарыс барысында барлығы үш кездесу өткізіп, оның екеуінде жеңіске жеткен.