«Барыс» жастар лигасының чемпионы атанды

«Барыс» жастар командасы екінші мәрте ел чемпионы атанды.

Төртінші финалдық плей-офф матчында елордалық хоккейшілер сырт алаңда өскемендік «Торпедоны» жеңді. Қонақтар екі рет алға шыққан болатын, бірақ шығысқазақстандық команда есепті теңестірген. Барыстың жеңіс шайбасы матчтың аяқталуына екі минут қалғанда соғылды. Серия қорытындысы – 4:0.