Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті оқу-жаттығу жиынына кірісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық дзюдошылар Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» Олимпиадалық орталығында шеберліктерін шыңдап жатыр.  Бас бапкер Ерлан Алпысбаев жетекшілігімен Ақмарал Науатбек, Ғалия Тынбаева, Абиба Абужақынова, Севара Нишанбаева, Иоланта Бердібекова, Мөлдір Нарынова, Назерке Тілеуханова, Камила Берліқаш және Назгүл Маратова дайындықтарын пысықтауда. Айта кетерлігі, аталған жаттығу жиыны 5 мамырға дейін жалғасады.