429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Челси» Суперлигадан бас тартады

  • 138
  • UPD: 09:45, 21.04.2021
«Челси» Суперлигадан бас тартады Чемпионат

«Челси» футбол клубы Еуропа Суперлигасына қатысудан бас тартуды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, лондондық клуб жаңа турнирге қатысушылар тізімінен шығу үшін құжаттар дайындап жатыр.

Бұған дейін клуб жанкүйерлері «Стэмфорд Бридж» стадионына жиналып, наразылық акциясын ұйымдастырған. Жанкүйерлер алдына «Челсидің» техникалық кеңесшісі Петр Чех шығып, сабырға шықырды.

«Челси» - екі күн бұрын ғана жарияланған Суперлиганың негізін қалаушы 12 клубтың бірі.

Хабар 24 телеарнасы