Қазақстандық ауыр атлет Александр Уваров Ташкенттен жүлдесіз қайтты

Қазақстандық зілтемірші Александр Уваров жүлдесіз қалды. Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 4-орыннан көрінді.

Қазақстандық спортшы жұлқа көтеруде 140, ал серпе көтеруде 180 келі зілтемірді еңсере алды. Осылайша Александр Уваров 320 келі көрсеткішпен жүлдесіз қалды. Ал бұл салмақ дәрежесінде әлемдік рекорд орнатқан қытайлық спортшы жеңіске жетсе, өзбекстандық ауыр атлетші екінші орынға жайғасты. Үздік үштікті түрікмен спортшысы түйіндеді.