Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде екінші орынға жоғарылады

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) барлық салмақ дәрежесінде рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарияланған жаңа тізімде қазақстандық боксшыларға қатысты өзгерістер бар. 

Осылайша, орта дивизионда Жәнібек Әлімханұлы үш саты жоғарлап, мексикалық Хайме Мунгиядан кейін екінші болды. Қанат Ислам тізімде бесінші орынға көтерілді, ал Мейірім Нұрсұлтанов 13-ші орында өзгеріссіз қалды. WBO ұйымының орта салмақтағы чемпионы – америкалық Деметриус Андраде.

Екінші орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы позиция өзгертпеді, төртінші орында тұр. Бұл дивизион чемпионы – британиялық Билли Джо Сондерс.

Айта кетейік, Жәнібек пен Айдос өз салмақтарында WBO Global титулдарына ие.

Сондай-ақ...