Головкин мансабын қашан аяқтауы мүмкін

Boxingnews24.com басылымында Аллан Фокс орта салмақта IBF пен IBO чемпионы Геннадий Головкин мансабын қашан аяқтауы мүмкін екенін жазды, деп хабарлады prosports.

«Головкин DAZN-мен келісімшартындағы үш жекпе-жек өткізе салысымен мансабын аяқтайтын шығар. Оның бұған дейін өткізген үш жекпе-жегінің салмағы жоқ. Эдди Хирнге жыл соңына дейін Головкиннің шаршы алаңға шықпайтыны ұнамай жүр. 39 жастағы GGG төрт айдан бері жекпе-жек өткізген жоқ», – деп жазды Фокс.