Дзюдодан Қазандағы Grand Slam турнирі көрермендердің қатысуымен өтеді

Дзюдодан Ресейдің Қазан қаласында өтетін Grand Slam турниріне көрермендер де қатыса алады. Бұл туралы Еуропа дзюдо одағы хабарлады. 

Турнир 5-7 мамыр аралығына жоспарланған, деп жазды olympic.kz.

Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазандағы Grand Slam турнирінде залдың 50 процентін жанкүйерлермен толтыруға мүмкіндік берілді. 

Алайда Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) санитарлық талаптар сақталып, көрермендермен дұрыс жұмыс істеуді міндеттеген. 

Айта кетелік, Париж қаласында өтуі тиіс дзюдошылар додасы Франция тарапы бас тартқан соң Қазанға ауыстырылды.