Қазақстан құрамасы Косовомен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан ұлттық құрамасы 4 маусым күні Косово құрамасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлады Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеп.

Екі жақты келіссөздер аяқталып, УЕФА бұл ойынның өтуіне рұқсат берді. Ойын Косово астанасы Приштина қаласындағы «Фадиль Вокри» стадионында өтеді деп жоспарланып отыр. 

Айта кетуіміз керек, Косово мен Қазақстан құрамалары осы кезге дейін ешқандай кездесу өткізбеген. Десе де Косово құрамасының ойыншысы Бернард Бериша Марат Быстровпен бірге «Ахмат» командасында тізе қосып өнер көрсетеді. Ал Косово құрамасының басты жұлдызы «Лацио» шабуылшысы Ведат Мурики екенін айта кетейік.