Допингке қарсы: ВАДА Токио Олимпиадасына қатысушыларға арналған ережені жариялады

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (ВАДА) Халықаралық Олимпиада комитетінің Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарына арналған допингке қарсы ережесімен таныстырды. 

ВАДА ресми сайтының хабарлауынша, ХОК Бүкіләлемдік допингке қарсы кодекске қол қойған тарап ретінде, сондай-ақ Олимпиада ойындарының допингке қарсы регламентін анықтауға құзырлы мекеме ретінде жаңартылған халықаралық стандарттарға және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген тыйым салынған дәрі-дәрмектердің жаңарған тізіміне сай болуы үшін ережеге аздаған өзгерістер енгізді. Ереже Олимпиаданың ашылу салтанаты өтетін 13 шілде мен жабылу салтанаты өтетін 8 тамыз аралығына дейін қолданыста болмақ.

Olympic.kz