Бокстан жастар арасындағы чемпионат: Қазақстан қоржыны 1 алтын, 2 күміспен толықты

Сабыржан Аққалықов бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ол 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды.

Дүниежүзілік біріншіліктің финалында отандасымыз украиналық Бозорбой Матякубовты 5:0 есебімен ұтты.

Ал 56 келіде жұдырықтасқан Ерболат Сабыр мен 60 келідегі Елнұр Сүйінбай әлем біріншілігінің күміс жүлдегерлері атанды.